ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мария Мудряк білім алған мектебінде болды
08-04-2019 10:20
Мария Мудряк білім алған мектебінде болды

Бүкіл әлемге өз өнерімен танымал, опера әншісі Мария Мудряк 25-жылдық мерейтойына орай 2019 жылғы 6 сәуір күні Павлодар қаласының № 11 модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі ұжымымен кездесті.

Мария Мудряк үшін нағыз тосын сый концерттік бағдарлама болды. Талантты балалар ән шырқап, би биледі және музыкалық аспаптарда ойнады. Марияның алғашқы мұғалімі Татьяна Буланова Николаевна бірінші сынып оқушыларымен мерейтой иесін қызықты өлеңдерімен таң қалдырды. Мектеп директоры Н. Жедоуова опера әншісін еліміздің мәдениет саласына зор үлес қосқаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Марияны ізгі ниетпен құттықтауға Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы Бахыт Амантаевна Анисова келді. Концерттен кейін Мария балалық шағында білім нәрін сусындаған сыныбына шақырылды. Содан соң оқушылар Марияны мектеп музейін тамашалауға шақырды.

Мариямен кездесу, оның шығармашылық қызметімен танысу, мақсатқа жету, әрдайым алда болу, өзін-өзі жетілдіру, қоғамға өз үлесін қосу арқылы алға қойған мақсаты мен міндеттері қойылған. Әнші шығармашылық жолын 5 жасынан бастаған. Осы кезде әншінің «Машенька» атты алғашқы балалар әндер жинағы жарық көрді. 10 жасынан «Болашақ» бағдарламасының, ал 12 жастан бастап Миланда Жоғары музыка академиясының «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендианты атанды. 14 жасында Джузеппе Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияға оқуға түсті. 18 жасында Италияның орта мектебін аяқтап, жоғары үздік білімді жас әншісі атағына ие болды. Мария бес шетел - италия, ағылшын, испан, неміс және француз тілдерін меңгерген.