ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері 16 жүлделі орынды иеленді
08-04-2019 15:07
Балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері 16 жүлделі орынды иеленді

2019 жылғы 7 сәуірде өткен жүгіруден спорттық бағдарлау бойынша чемпионаттың жазғы маусымын ашуда Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің, Май, Ертіс, Аққулы аудандарының, облыс қалаларының 150 бағдарлаушысы, оның ішінде Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль», «Вертикаль 2» аулалық клубтарының 60 тәрбиеленушісі қатысты.

         Фестиваль шарттары бойынша қатысушыларға техникалық және физикалық жағынан қарапайым қашықтықтар күтіп тұрды - берілген бағытта маршрутты өту керек болды, карточкадағы әрбір бақылау пунктін компостермен атап өту. Жарыс нәтижелері бойынша «Вертикаль» клубының тәбиеленушілері 16 жүлделі орын алды, жетекшілері Кремер Сергей Владимирович, Дьяченко Оксана Владимировна.

Ұлдардың арасында 12 жасқа дейінгі топта І орынды Барабашин Данил, ІІІ орынды Кашин Захар, қыздардың арасында І орынды Виткова Дарья, ІІ орынды Коноваленко Карина, ІІІ орынды Комлева Анастасия иеленді.

Қыздардың арасында 14 жасқа дейінгі топта І орынды Коноваленко Карина, ІІ орынды Коноваленко Милана, ІІІ орынды Орлова Софья иеленді.

Жасөспірімдер арасында 18 жасқа дейінгі топта І орынды Рамазан Диас, ІІ орынды Герасимов Вячеслав, қыздардың арасында І орынды Роде Мария иеленді.

Ең тәжірибелі бағдарлаушылар тобында І орынды Дьяченко Оксана Владимировна, қыздардың арасында І орынды Смолярчук Марина, жасөспірімдер арасында І орынды Бабенко Антон, ІІ орынды Родькин Виктор, ІІІ орынды Есин Денис иеленді.