ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған мектебіне деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру
09-04-2019 10:16
Туған мектебіне деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру

Ағымдағы оқу жылының қорытындыларын шығару мақсатында 2019 жылғы сәуірдің 5-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қаланың № 24 ЖОМ ММ-де «Үздіктердің үздігі» форумы өтті. Қорытынды шығарудың аралық кезеңдері оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен, мектептің Қамқоршылық кеңесімен бірге жүргізілді. Форумға  № 24, 4, 17, 21 мектептердің педагогтары мен оқушылары, ата-аналар қатысты. Форумға шақырылған қонақтар Смаилов Рамиль, «Бірлік» студенттер ассамблеясының төрағасы, мектеп түлегі, Фаниль Рафиков, аралас жекпе-жектен халықаралық класты спорт шебері, самбодан Еуразия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе-жектен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Үздіктердің үздігі атанған оқушыла грамоталармен марапатталды:

«Жылдың ең үздік спортшылары» номинациясымен көптеген спорт түрлерінен ҚР және Павлодар облысы чемпионаттарының жеңімпаздары марапатталды: греплинг бойынша Козаренко Ангелина, бокс бойынша - Дюсекенов Габбас, Мубарак Арман, Шакенов Айзат, Джумалинов Тамерлан; кекушинкай каратэ бойынша - Алиясов Рахат, баскетболдан Ломакин Руслан, жүзуден - Полий Анастасия, тоғызқұмалақтан - Серикова Аяулым, шығыс биі бойынша - Тычинская Алина.

«Жылдың ең үздік белсенділері» номинациясымен еріктілер, Қазақстан Республикасы Ассамблеясының жастар қанатының мүшелері, мектептегі жастар жобаларының белсенділері марапатталды. Форумда «Жылдың ең үздік педагогтары» номинациясымен тәрбиеленушілері көптеген байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанған, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен педагогтар Аралова Гульнар Кабековна, Ахмеджанова Зибагуль Жанбырбаевна, Идрисова Зибагуль Куановна, Хаербаев Ардак Талгатович, Соловьева Марина Петровна,  Бугрова Елена Александровна, Слывоцкая Ольга  Яковлевна, Аубакирова Гульнар Бопановна, Рахимжанова Рысты Нажмиденовна, Тюлеубаева Айгуль Сериковна марапатталды. «Ең үздік сынып жетекшілері» номинациясымен Садыкова Баглан Аманжоловна, Аширбекова Айгуль Кашаубаевна,  Адильшенова Багизат Жумашевна   марапатталды.

Республикалық байқауларда табысқа жеткен шығармашылық ұжымдар да марапатталды - «Ең үздік трио» - «Феличита» триосы, «Ең үздік дуэт» - АРТ.КЗ дуэті, «Ең үздік вокал студиясы» - «Аллегро» студиясы, «Ең үздік эстарадалық топ» - Стар КЗ тобы.

Қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мектептің баскетболдан қыздар және ұлдар командалары «Ең үздік баскетбол командасы» номинациясымен марапатталды.

Мектепте «Рухани жаңғыру» инновациялық жобалары іске асырылады. Олар: «Отбасы», «Голд стар» жастар жобасы, «Жыл идеясы «Жас полицейлер», «Ата-аналар қауымдастықтың ең үздік менеджері», «Жылдың ең үздік еріктісі». Аталған жобалардың белсенді қасушылары да марапатталды.

Форумда облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, оқу озаттары, олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. 

«Форум патриоттық сезімнің қалыптасуына, ата-аналардың мектептің дәстүрлерін құрметтеуге, мектеппен белсенді қарым-қатынас орнатуға оң ықпалын тигізеді», - дейді мектеп директоры Нургуль Шампатовна Рахимгожина.