ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
5 - 7 сынып оқушыларына арналған көптілділік бойынша қалалық олимпиада туралы
09-04-2019 15:48

        2019 жылы 13 сәуірде  сағат  9.00 - де  № 9 гимназия - мектебінде  (Ак. Шөкин к, 90) Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен алғаш рет  5 - 7 сынып оқушыларына арналған көптілділік  бойынша қалалық олимпиада өткізеді. Алғаш рет ұсыныс № 9 орта жалпы білім беру гимназия-мектебі 5 - 7 сынып оқушыларына арналған көптілділік бойынша олимпиада өткізу туралы берді.

         Олимпиада мақсаты - олимпиадаға  оқушыларды  дайындау жүйесінде мәдени және көптілді білімді алға тарту.

        Олимпиадаға  барлық типтегі жалпы білім беру мектептерінің  тұрғылықты емес  ұлт  оқушылары қатысады.

       Олимпиадаға  қаланың 18 жалпы білім беру мектептерінен  5 - 7 сыныптың  54 оқушысы  қатысады.

          Олимпиада  3 - турда өтеді:

1-ші тур (командалық)  -  эссе жазу (ағылшын тілінде) ұсынылған 3 тақырып бойынша (таңдауы бойынша), 150 - 180 сөзден тұрады, орындау уақыты - 1 сағат. Тапсырмада командаға  осы немесе  басқа мәселелердің жалпы көзқарасын айқындауға мүмкіндік беру. Осы тур бөлігін өткізу кезінде  талқыланған тақырыпқа жалпы пікір табуға және бірлесіп талқылау принципі бойынша  топтарда қатысушылардың  жұмысын ұйымдастыруды болжайды.1 турдың орындау нәтижесі жазбаша түрде қорғалуы керек.  

2-ші тур (үш тіл, барлығы 30 тапсырма) тілдік құзырлық  деңгейін айқындауға бағытталған  стандартты тестілеу, 10 тапсырма енеді. Осы кезеңде лексика -грамматикалық тест оқушылардың лексикалық және практикалық іскерлігін тексеру үшін өткізілді.

3-шітурға 2  турдың қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған  олимпиада қатысушылары жіберіледі. 3- турда қазақ тілінде  (таңдау бойынша) ұсынылған 20 тақырып бойынша  команданың  1  қатысушысының көпшілік алдында орындауы. Бұл тапсырма мәдени және көптілділік  құзырлық деңгейін айқындауға бағытталған. Дайындыққа 20 минут ұсынылады, орындауға 2 минут беріледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жақсы командалар «Полиглот»  ауыспалы кубок, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі  дипломымен марапатталады.

 

 Павлодар қаласы білім беру бөлімі