Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Табиғат жас қорғаушылары
10-04-2019 10:33
Табиғат жас қорғаушылары

2019жылғы 9 сәуір күні Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының саябағында жылсайынғы «Қанатты достар» акциясы өткізілді. ОныңұйымдастырушыларыПавлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы,«Қазақстан алюминиі» АҚ болды. Акцияны өткізу мақсаты - оқушыларды құстарды қорғау және қамқорлық жасау бойынша, біздің өңірде мекендейтін,табиғаттықорғау қызметіне қатыстыру болды.

Үйшіктерді ілу бойынша қалалық акцияға Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы балалар бірлестіктері мен аймақтың білім беру ұйымдарының 240-н астам тәрбиенушілері мен оқушылар (№ 32,7, 29, 12, 14, 37, 9, 34, 4 ЖОМ, № 20 лицей-мектебі, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, облыстық арнайы жалпы  білім беру мектеп-интернаты, № 4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты) қатысты. Акция қатысушылары орталық және «Қазақстан алюминиі» АҚ-ң грамоталары және жүлделерімен марапатталды.

«Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде құс таңдалады. Қазақстандық сақтау биоалуантүрлілік қауымдастығы құстарды қорғау Одағымен бірлесе 2019 жылдың құсы ретінде даудақ құсын таңдады. Алайда, осы құс жойылу шегіне ұшырау себебінен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген» - деп, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының бөлім меңгерушісі Бақыт Қапасқызы Текенова айтты.