kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2904874
Бір айда301502
Бір аптада52053
Кеше3715
Тәулік2779
«Көрші» облыстық жобасын іске асыруға қатысу
11-04-2019 14:53
«Көрші» облыстық жобасын іске асыруға қатысу

Павлодар қаласының білім беру мекемелерімен (аула клубтары, қосымша білім беру мекемелері, спорт клубтары) 2019 жылғы 11 сәуірде  «Көрші» облыстық жобасы аясында шағын аудандардың аулаларында іс-шаралар өткізілді. Жобаның мақсаты - көршілер арасындағы қарым-қатынас дәстүрлерін жаңғырту және нығайту, аула тұрғындарының қызықты демалысын ұйымдастыру.

2000-нан астам (үй шаруашылығындағы әйел адамдарға, зейнеткерлер, балалар, көршілерге, балалар мен жасөспірімдерге) аула тұрғындарына арналған Павлодар қаласының білім беру мекемелері шын мәнінде көңілді ойындармен, концерттік бағдарламамен, сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін көрсетумен, мастер-класстарды өткізумен, бауырсақпен тамақтандырумен көршілік мерекесін өткізілді.

«Кел, көршілер, танысайық» іс-шара бағдарламасына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар техникалық мектебі (Ломов көшесі, 156/2) шағын ауданның 120-дан астам тұрғындары үшін мектеп тәрбиеленушілерінің жұмыс көрмесін ұсынды. Қосымша білім беру педагогтары «Дәстүрлі және қазіргі заманғы», «Бабалардан келе жатқан өнер», «Бояулар әлемі», «Шебердің инесі де, күймесі де алтын», «Шексіз шығармашылық»-ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған шеберхана, «Танысу» ұлттық ойындары - киіз үй макетін бір-біріне беру, «Мақал - мәтелдерді жалғастыр», «Ұлттық ойындар», «Кораблик» - кеме үлгілерін көрсету, «Мир авто», «В мире техники» - шығармашылық шеберхана өткізілді.

Қамзин көшесі, 4 «Азат», «Сауран» балалар аула клубтары 120-дан астам ауланы қамти отырып, «Азия хит», «Айналайын», «Өркен», «Дос» (Амангелді көшесі, 50/1) - «Ұлттық ойындар» квест-ойыны (120 аула тұрғыны), «Балшуақ» (Катаев көшесі, 36/2) - «Сабантой» (120), «Болашақ», «Сәлем» (Естай, 56/1) ұлттық ойындар фестивалі өткізілді.  «Қауышу» (120), «Бірлік», «Жеңіс», «Жігер» (Шөкин к-сі, 32/2) - «Асық пати» (100), «Жас Толқын» (көш. Майра, 41) - денсаулық фестивалі «Дені саудың, жаны сау» (120), «Жас Қанат», «Эмералд», «Рақым» ( Жаяу Мұса көш., 1) - ұлттық ойындарының спартакиадасы «Жорға жарыс» (150).

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы (Ломов көшесі, 30, А. Сәтпаев көшесі, 253) 100-ден астам адамды қамтыған «Жасыл планета» квест-ойынын өткізді. Павлодар қаласының Балалар музыка мектебі (Бакинская көшесі, 4) Павлов- Сұрағанов «Алдар Көсенің көршісіне қонаққа бару туралы» танымдық-ойын-сауық іс-шарасын өткізді.

«Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы (Бектұрова, 115) 100-ден астам көршілер үшін 5 станция бойынша «Тату көршілер» ойынын ұйымдастырды: асық ату, бәйге, шығармашылық көршілер, жұмбақ, арқан тарту.

Балалар көркемсурет мектебі ұлттық жаңғыру мектебімен (Майра к-сі, 3, Майра к-сі, 1, Майра к-сі, 15) бірлесіп концерттік бағдарламамен «Бабалардың өнері ұрпаққа аманат» атты ізгі дәстүрлерді жаңғырту туралы танымдық-ақпараттық-ойын-сауық іс-шарасын өткізді (300-ден астам адам). Әр аулада № 4, 7, 11, 12, 14, 17, 24, 22, 25, 37, 39, 42 мектеп оқушылары концерттік бағдарлама дайындады.