kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2904874
Бір айда301502
Бір аптада52053
Кеше3715
Тәулік2779
Отбасы және мектеп - балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тең құқылы серіктестер
15-04-2019 11:43
Отбасы және мектеп - балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тең құқылы серіктестер

2019 жылдың 13 сәуірінде қала мектептерінде «Отбасы және мектеп - балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тең құқылы серіктестер» атты жалпы қалалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға 5 - 7 сынып оқушыларының 2000-нан астам ата-аналары, психологтар, педагогтар қатысты. Мақсаты - ата-аналардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және нығайту, білім беру мекемелерінің отбасымен өзара іс-қимылын жетілдіру.

Конференцияда отбасы мен мектептің ынтымақтастығы, ата-аналар мен мектептің өзара байланысын нығайту мәселелері талқыланды. Мектеп пен отбасының педагогикалық өзара іс-қимылы балалардың жеке дамуы мен өсуі үшін қолайлы жағдай жасау, лайықты өмір жүргізетін адамның белсенді өмірін ұйымдастыру болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінің барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы, жағымды өмірлік мысалдар мен рухани құндылықтар жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиелеуде жалпы ұсынымдар, нұсқаулықтар, әдістемелік әзірлемелер мен өкімдер орынсыз. Өз кезегінде отбасы мектепке жауап береді және көмектеседі. Отбасында тәрбие махаббат, тәжірибе, дәстүр, балалық шақтан жеке мысал, көршілер кеңестерінде құрылады. Ата-аналарды өз баласынан жақсылықты, жеке даралығын байқауды үйрету керек. Конференция қорытындысы бойынша ата-аналарға брошюралар, жаднамалар, тәрбие жұмысының түрлі мәселелері, өмір сүру қауіпсіздігі, салауатты өмір салты, балалардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы бойынша ұсыныстар таратылды.