ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілділік - келешектің жемісі
15-04-2019 12:40
Көптілділік - келешектің жемісі

Олимпиада өткізу туралы  бірінші  болып  ұсынған, Павлодар  қаласының № 9 гимназия-мектебінде 2019 жылы 13 сәуірде  5 - 7 сынып оқушылары  арасында  көптіл  бойынша  қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиада  мақсаты - олимпиадаға  оқушыларды   дайындау  жүйесінде  мәдени және көптілді білімді алға тарту. Олимпиадаға қаланың 19  жалпы білім беру мектептерінен 5 - 7   сыныптың  тұрғылықты емес  ұлттың 57 оқушысы қатысты.

Олимпиада  3-турда өтті: 1-ші тур (командалық) - эссе жазу (ағылшын тілінде) ұсынылған 3 тақырып бойынша (таңдауы бойынша), 150 - 180 сөзден тұрады, орындау уақыты - 1 сағат. Тапсырмада командаға  осы немесе  басқа мәселелердің жалпы көзқарасын айқындауға мүмкіндік беру. Осы тур бөлігін өткізу кезінде  талқыланған тақырыпқа жалпы пікір табуға және бірлесіп талқылау принципі бойынша топтарда қатысушылардың жұмысын ұйымдастыруды болжайды. 1 турдың орындау нәтижесі жазбаша түрде қорғалды.

2-ші тур (үш тіл, барлығы 30 тапсырма) тілдік құзырлық  деңгейін айқындауға бағытталған  стандартты тестілеу, 10 тапсырма енді. Осы кезеңде лексика-грамматикалық тест оқушылардың лексикалық және практикалық іскерлігін тексеру мақсатында  өткізілді.

3-ші турға 2 турдың қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған  олимпиада қатысушылары жіберілді. 3-турда қазақ тілінде  (таңдау бойынша) ұсынылған 20 тақырып бойынша  команданың  1  қатысушысының көпшілік алдында орындауы. Бұл тапсырма мәдени және көптілділік  құзырлық деңгейін айқындауға бағытталған. Дайындыққа 20 минут ұсынылды, орындауға 2 минут берілді.

Олимпиада  қорытындысы  бойынша  ең жоғарғы нәтижеге жеткен № 9 гимназия-мектебінің оқушылары  «Полиглот»  номинациясында  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломы және ауыспалы кубокқа ие болды. I орын - № 17 мектеп оқушылары, II орын - № 29 мектеп оқушылары, III орын- № 4, 14, 34, 42 мектеп оқушылары ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.