ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік тіл білгірлер байқауы
16-04-2019 11:07
Мемлекеттік тіл  білгірлер  байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылы 12 сәуірде № 41 ЖОМ «Әй, жарайсың!» қалалық байқауының 3-ші іріктеу турының қорытындысы бойынша байқаудың финалдық туры өткізілді. Байқау мақсаты - қазақ тілін, ұлтымыздың  салт-дәстүрін және еліміздің тарихын білу.

Байқаудың  іріктеу  турында № 1, 4, 5, 6, 9, 11, 13, 14,16, 17, 18, 20, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 36, 39, 40, 41, 42, 43, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ тұрғылықты емес ұлттың 7-8 сыныптың 184 оқушысы қатысты. Финалдық турға № 9, 16, 18, 21, 28, 29, 30, 36, 39, 40, 41, 43, Кенжекөл ЖОМ 74 оқушысы өтті.

Байқау 3 турдан тұрды: «Отбасының рухани  құндылықтары» - сәлемдесу, «Капитандардың сайысы» - капитандар байқауы, «Өнерлінің өрісі кең» - таланттылар  байқауы.

Финалдық тур қорытындысы бойынша І орынға  № 21 мектептің «Отаншыл» команда оқушылары құрамында Ахмолдина Ксения, Комарова София, Круглова Анна, Мигачева Дарья, Савич Дарья, Хамитова Карина иеболды. Оқушылар салт-дәстүр, тілді жақсы білетіндерін, тапқырлықтарын танытып, команда да жұмыс істеу іскерлігі және жағдаятта бейімделуін  көрсетті. ІІ орынды № 41 мектебінің  «Қырандар» және Кенжекөл ЖОМ  «Кенжекөл ұландары» командасының оқушылары, ІІІ орын - № 40 мектебінің «Жас ұлан», № 28 мектептің «Самұрық» командасының оқушылары ие болды. «Көрермен көзайымы» № 28 мектептің  «Самұрық» команда оқушылары, «Қазақ тілінің білгірлері» - № 18 мектептің  «Шаңырақ» команда оқушылары, «Күміс көмей әншілері» - № 36 мектептің «Отбасы - бақыт мекені» команда оқушылары номинациялармен марапатталды.