ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тіл шебері» қалалық конкурсының жүлдегері
17-04-2019 09:25
«Тіл шебері» қалалық конкурсының жүлдегері

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үштұғырлы тіл  - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 16 мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық «Тіл шебері» конкурсы өтті, оның ішінде Павлодар қаласының № 33 ЖОМ-ң физика мұғалімі де бар.  Конкурс 2019 жылғы 12 сәуір күні Естай атындағы қалалық мәдениет  сарайында өтті. Конкурстың мақсаты - үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды: «Тұсаукесер» - өз-өзін ағылшын тілінде презентация түрінде таныстыру, «Ұлттаным» - билеттік жүйе бойынша қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөнінде қазақ тілінде баяндау,  «Өнертаным» - орыс тілінде көркем шығармадан үзінді немесе өлең оқу (үй тапсырмасы).

Конкурс қорытындысы бойынша физика мұғалімі Лаура Рамазановна Медетова ІІ жүлделі орынға ие болды. Мектепте  5 жыл қызмет атқарып келеді, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілінің деңгейі В2. Қала мектептерінен құралған шығармашылық топ Лаура Рамазановнаның басшылығымен  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында үздік инновациялық құрал - 2019» сайысында «Үштілділік білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» номинациясы бойынша 8 сыныпқа арналған  үші тілдегі  «Physics 8» құралы І жүлделі орынға ие болды. Лаура Рамазановна мектептің жас мамандарынан құралған «Мы тоже город» КТК командасының қатысушысы, 2018 жылы команда қалалық лигада І жүлделі орынды қанжығасына байлады.