ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қалалық семинары
17-04-2019 18:07
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қалалық семинары

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылғы 16 сәуірде № 4 ЖОМ-да «Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында жасөспірімдердің адамгершілік-жыныстық тәрбиесі» атты қалалық семинар өткізді. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы филиалының, белгілі тұрағы жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының, облыстық психоневрологиялық диспансердің, Ана үйі қоғамдық қорының мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасында адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес қоғамның басым міндеттерінің бірі балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, зияткерлік, рухани және дене күшін дамытуды қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының адамгершілік негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Жасөспірімдерді адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша семинарда Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы филиалының психологы Эльмира Серікқызы Кәрімова, Белгілі тұрағы жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының маманы Фарида Шарапқызы Белгібаева, Облыстық психоневрологиялық диспансердің психологы Анна Александровна Небельцова, Ана үйі қоғамдық қорының үйлестірушісі Әсел Балыбайқызы Әбішева сөз сөйледі. № 4 ЖОМ директорының орынбасары Сүлейменова Ғалия Аиповна адамгершілік-жыныстық тәрбие бойынша оқушылармен тәрбие жұмысы туралы айтты.

Одан кейін қатысушылар 4 секция бойынша жұмысын жалғастырды. Секцияларда мектеп педагогтары мен психологтары «Отбасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбиенің мәдениеті мен этникалық дәстүрлері» атты дөңгелек үстел, «Жыныстық тәрбие, отбасылық өмірге дайындық мәселелері» атты пікірталас сағаты, «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасылық тәрбие негіздері» атты ата-аналар қонақ бөлмесі өткізілді. Қатысушыларға Павлодар қаласының № 1 емханасының психологы Габдуллина Айнагүл Сағатқызы «Жасөспірімнің адамгершілік-жыныстық тәрбиесі» атты тренинг өткізді.

 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға ары қарай жұмыста қолдану үшін ұсынымдық материалдар берілді.