ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың дарындылығын дамытуға арналған орталықтарының шығармашылық кездесуі
18-04-2019 17:36
Балалардың дарындылығын дамытуға арналған орталықтарының  шығармашылық кездесуі

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қызметтесу шеңберінде Ресей Федерациясы Омск  қаласы «Снейл» қосымша білім беру орталығымен бірлесіп «Снейл-турнир» халықаралық зияткерлік байқауы  өткізілді. Байқау 2019 жылы 18 сәуірде № 16 лицей-мектебінде  өтті. Байқау мақсаты - бастауыш мектеп пәндері бойынша ақпаратты түсіндіру және анализ,ізденіс дағдылары мен шығармашылық міндеттерін шешу дағдыларын қалыптастыру. 

Байқауға қаланың  34 жалпы білім беру мектептерінен 4 сыныптың 170 оқушысы қатысты,оның ішінде 9  мемлекеттік тілде оқитын мектеп. 

Байқау 6 станция бойынша өтті: математика (7), орыс тілі (7), тіршілік қызметі  қауіпсіздігінің негіздері (7) ,айналадағы дүние (7), ағылшын тілі (2), дене шынықтыру (7). Тапсырмалар негізінде, логикалық ойын дамытуға, практикалық дағдыларын қалыптастыруға, әрі қарай өзін-өзі жетілдіруге  және өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталған.     

Байқау қорытындысы бойынша 170 оқушы логикалық ойлауға және топта жұмыс істеу іскерлігі тапсырмаларын  орындап шықты.Байқау қорытындысы бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен № 5, 27, 39 мектеп оқушылары. I дәрежелі диплом және медальға  № 5 мектеп командасы  ие болды, № 27, 39 ЖОМ командалары «Снейл» қосымша білім беру Орталығыныңлауреаты атанды. «Снейл» қосымша білім беру Орталығыныңграмотасымен Орталық басшысы Азамат Боранбайұлы Шаймұрат, № 16 лицей-мектебінің директоры Татьяна Алексеевна Мигунова марапатталды. Басшы орынбасары Мерканова  Әсемгүл Ермекқызы, Орталық әдіскерлері Назигүл Базарқызы Каирканова,Сарбиназ Мергенбайқызы Шарипова, Айгүл Жилқибайқызы Шакенова, Бауыржан Серікұлы Айтуғанов, жаппай-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ирина Сергеевна Кучуркина, ұстаздар Майра Әбуқызы Смагулова, Самал Бағадатқызы Арғынова, Қарлығаш Ойқанқызы Якупова алғыс хатпен  марапатталды.