ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Акварель мүмкіндіктері
19-04-2019 14:49
Акварель мүмкіндіктері

Омбы қаласында өткен «Акварель мүмкіндіктері» атты III халықаралық балалар өнері шығармашылығының көрме-сайысына Павлодар қаласы балалар  көркемсурет мектебінің  9 оқушысының жұмыстары жіберілді. Биыл сайыста Сібір және Қазақстанның қатысушылары жұмыстарының саны 600-ден астам болды.

Павлодар қаласының оқушылары негізінде туған Павлодардың ескі көшелерінің пленэрлық этюдтарымен қатысқан еді. Өздерінің суреттерінде нәзік, тұнық бояулар реңкктер арқылы баяғыдағы көшелерге деген махаббатын бейнелеген, туып өскен қаласының сүйікті түкбірлерге деген  үлбіреген қарым-қатынасын білдірген.

Сайыс нәтижелері бойынша «Пленэр» номинациясында 12 жастағы Карина Ауғанбаева  «Қалалық пейзаж» суреті үшін және 16-жасар Алуа Ахат «Туған қаламның пейзажы» суреті үшін дипломмен марапатталды. Екі оқушының тәжірибелі  ұстазы Анжела Николаевна Бамбуляк, акварельді кескіндеме шебері, бұл балаларға өте үлкен дәреже, себебі акварельдік кескідеменің әр дәстүрлі техникасы өте күрделі деп санайды. Акварельмен жазу үшін,  түстердің өте нәзік нюанстары мен олардың реңін ажырата білу қажет. Қателесу мүмкін емес, себебі іс жүзінде нұсқада ештеңені түзету мүмкін емес.