ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы» МҚКК-ның «STEAM- білім беру орталығы» инновациялық алаң мәртебесіне көшуі туралы
19-04-2019 16:35

2018 жылғы 26 сәуірде сағат 9.00 - 12.00 «Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы» МҚКК-да (1 Мамыр, 27/1) Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысы өтеді.

Бағдарлама:

         Пленарлы бөлімде жетекші А. П. Басевская мектепке дейінгі балалардың танымдық іс-әрекет процесінде зияткерлік қабілеттерін дамыту және оларды ғылыми - техникалық шығармашылыққа тарту шеңберінде 2019 - 2022 жылдарға арналған «STEAM-білім беруді» дамыту бағдарламасын ұсынады.

         Бағдарламаның практикалық бөлімінде дайындық тобының тәрбиеленушілері «Жас инженерлер». «Дьенеш блоктарынан жасалған сызбаларды» оқып, «Кюизенер таяқшаларын» пайдалана отырып, үйлердің нөмірленуін ашып, белгілеуді көрсетеді.

         «Шахмат дауында» ересек топтың балалары өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялын, танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған бейнелі және вариативті ойлау қабілеттерін көрсетеді.

          Көркем және техникалық шығармашылық синтезі негізінде өнімді қызметті ұйымдастыру мен әлемді жаратамын ересек тобының шағын Арт-студиясынан көруге болады.

        «Лего - менің алғашқы тарихым!» ойынында екінші кіші топтың балалары интеллект, қиял, кеңістіктік ойлау, ұсақ моторика, шығармашылық тапсырмалар мен коммуникативтік қабілеттерін конструкторлық қызмет арқылы дамытады.

        Балалардың қоршаған ортаның ақпараттық ағымында бағдарлай білуі және қазіргі заманғы «АКТ-технологиялар» техникалық құралдарының көмегімен ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруі жоғары топ балаларымен бақылауға болады.

       «Мен және менің жүрегім», «Бізді қоршаған әлем» тәжірибелік-эксперименталдық қызметі арқылы ересек және дайындық топтарының балалары қоршаған әлем мен ғажайыптар туралы түсініктерді қалыптастыруды көрсетеді.

       «STEAM-білім беруді» жүзеге асыру бойынша мектепке дейінгі балаларды психологиялық сүйемелдеуді инновациялық әдіс арқылы балабақша психологы

Н. П. Кишкина көрсетеді. Практикалық бөлім «Бәрі футболға!». «STEAM-білім беру туралы» мектепке дейінгі балалар» іс-шарасының қорытынды бөлімі.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі