ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің Денсаулық сақтау ортасы жағдайында цифрландырудың технологиялық платформасын қалыптастыру
25-04-2019 16:55
Мектептің Денсаулық сақтау ортасы жағдайында цифрландырудың технологиялық платформасын қалыптастыру

2019 жылы 25 сәуірде № 41 ЖОБМ-да «Мектептің денсаулық сақтау ортасы жағдайында эксперименталды алаң жетістігінің кепілі ретінде цифрландырудың технологиялық платформасын қалыптастыру»мәселесі бойынша инновациялық қызмет шеңберіндеПавлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.

Мақсаты-денсаулық сақтау ортасы жағдайында цифрландырудың технологиялық платформасын қалыптастыру бойынша мектептің білім беру-тәрбие қызметінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Іс-шараға Павлодар қаласының білім беру бөлімінің, «Өрлеу» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының, Павлодар қаласының №3 емханасының СӨС қолдау орталығының өкілдері, қала мектептерінің ғылыми-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Пленарлы бөлімде №41 мектеп директоры А. Е. Солтанбекова СӨС қалыптастыру бойынша мектептің басым бағыттарын, педагогикалық саладағы цифрландыру арқылы басқарудың тәжірибесі мен жаңа тәсілдерін таныстырды.

Мектеп алғашқы әскери дайындықтың жаңартылған бағдарламасын жүзеге асыру, «Шахмат» курсын енгізу бойынша 1-ден 4-сыныпқа дейін, 3 сағат «Футбол» дене шынықтыру бойынша Республикалық эксперименттік алаң болып табылады.

Практикалық бөлімде дүниетану, биология, информатика, география пәндері бойынша ашық сабақтар, СМГ сабақтары, үлкен және кіші бассейндерде жүзу сабақтары, «Шахмат», «Роботехника» үйірмелері көрсетілді, оқушылардың жобалары таныстырылды.

АӘД сабағында әскери робототехниканы көрсету, цифрлық зертхана жағдайында биология бойынша оқушыларды зерттеу информатика пәні шеңберінде «Сакральная география» жобаларының презентациясы, көптілділікті қолдана отырып, информатика және биология сабақтарына қатысу ерекше қызығушылық тудырды.

Қатысушылар назарына мектеп жұмысының тақырыбы бойынша әдістемелік құралдар көрмесі және мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері ұсынылды.

Сараптамалық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша инновациялық қызмет тақырыбы бойынша мектептің жұмыс тәжірибесін жинақтау және көптілділік, бизнес-жобалау, жаппай мектеп жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша тәжірибені тарату бойынша ұсыныстар берілді.