ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындылары
25-04-2019 18:47
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындылары

2019 жылғы 24 сәуірде дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде ғылыми-зерттеу жұмысына шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды анықтау және дамыту, дарынды балаларды пәнге тарту мақсатында бес жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық жастар олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Математика, физика және биология пәндері олимпиадасына 7-сынып оқушылары, химия және информатика пәндеріне - 8 сынып оқушылары қатысты.

Байқаудың облыстық кезеңінде қалалық   мектептердің (№№5, 16, 19, 34 ЖОМ) 5 оқушысы қатысты.

№ 19 мектептің 7 сынып оқушылары Ибадуллин Айтуар физика пәні бойынша, Балиева Асем биология пәнінен, №34 орта мектептің 7 сынып оқушысы Колодин Максим информатикадан III дәрежелі дипломдармен марапатталды. №5 мектептің 7 сынып оқушысы Калимуллин Руслан физика бойынша құрмет грамотасы табыс етті.