ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сиқырлы ән әлемінде
06-05-2019 15:19
Сиқырлы ән әлемінде

Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде жастар жылына арналған «Алтын бұлақ» жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушылары мен хор ұжымының мектеп фестиваль-конкурсы өтті.

Сахнада 8 хор ансамблі, 300-ден аса қатысушы өнер көрсетті: базалық балалар музыка тәжірибесі мектебі оқушыларының және балалар музыка мектебінің хор сыныбы оқушыларының жиынтық хоры (жетекшісі Ольга Викторовна Андрющенко, концертмейстер Гаухар Макеновна Каскырбаева), бастауыш сынып хоры (жетекшілері Анастасия Вячеславовна Федунова, Ольга Викторовна Андрющенко, концертмейстер Гаухар Макеновна Каскырбаева); орта сынып хорлары (жетекшілері Дария Мухамед-Канапияновна Исаева, Салтанат Тасбулатовна Кисатова, Ольга Викторовна Андрющенко, концертмейстерлер Ольга Дмитриевна Седых, Марина Петровна Белоус, Татьяна Викторовна Ульянова), жоғары сынып хорлары (жетекшілері Гульнафис Толеубековна Макышбаева, Ксения Владимировна Миронец, концертмейстерлер Марина Петровна Белоус, Дмитрий Станиславович Масленников). Хор ұжымдарының барлық жетекшілері қатысқаны үшін алғыс хат алды.

Вокалистер конкурсы үш жас ерекшелік категориясы бойынша және екі номинация бойынша өткізілді: академиялық және эстрадалық вокал. Жалпы конкурсқа 40 оқушылар қатысты, оның ішінде I орын - 6 оқушылар алды, II орын - 12 оқушы, III орын - 9 оқушы. «Алтын бұлақ» мектеп конкурсы Балалар музыка мектебінің шығармашылық жетістіктерінің жинағын толықтырды - барлығы 27 жүлделі орын.