Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жеңіс күніне арналған мерекеге қатысу
08-05-2019 09:21
Жеңіс күніне арналған мерекеге қатысу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараларға қаланың білім беру мекемелерінің 20 000 астам оқушылары мен педагогтары қатысады. Бұл мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, театр фестивальдары мен шығармашылық фестивальдер, флешмобтар, шығармашылық жәрмеңкелер, сынып сағаттары, әңгімелер, экскурсиялар, соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, олардың туыстарын шақыра отырып, кездесулер мен диалог алаңдары, көмек көрсете отырып, ардагерлердің үйлеріне бару.

2019 жылы 9 мамырда  «Ұлы жеңіс ерлікке тағзым!» митинг-реквиемінде Даңқ Обелискіне 408-ден астам жасұландықтар қатысады. Орталық алаңда театрландырылған қойылымға 250 оқушы қатысады. 800-ден астам бала ата-аналарымен бірге аталары мен бабаларының (арғы аталарының) портреттерімен «Мәңгілік полк» акциясына қатысады.

         Павлодар ауданы әкімдігі ғимаратының жанында «Біз олардың ұлы ерлігін ұмытпаймыз» атты сәндік-қолданбалы өнердің балалар көрме-байқауы өтеді, онда 1000-нан астам баланың қолымен жасалған жұмыстары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балалар техникалық мектебі тәрбиеленушілерінің, қаланың білім беру мектептері оқушыларының әскери тақырыптағы жұмыстары ұсынылады. Көрме-байқауды өткізу кезінде қатысушылар ардагерлерге арналған кәдесыйлар дайындау бойынша мастер-класстар өткізіп, мереке барысында табыс етеді.