Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шоң би қалалық оқулары туралы
13-05-2019 16:21

2019  жылы 15 мамырда  сағат 15.00-де № 35 жалпы білім беру мектебінің (Айманова, 37)  негізінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Шоң би қалалық оқуларының» байқауы өткізіледі.

 «Шоң би қалалық оқуларының» негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасында Ертіс – Баян өңірінің атақты тарихи тұлғаларын насихаттау.

Байқауға 20 жалпы білім беру мектебі 50 оқушының қатысуына өтінім берді.

Байқау 3 секциядан тұрады:

Эссе жазу (берілген тақырып бойынша) секциясы.

«Арнаймын жыр маржанын бабаларға» ақындар мүшайрасы секциясы.

Тест сұрақтары (Шоң бидің өмірі мен қызметіне байланысты сұрақтарға жауап беру) секциясы.

Байқау  жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар  қаласы  білім беру бөлімінің  дипломдарымен марапатталады.

Шоң би Едігеұлы(1754-1836 жылы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) қазақтың көрнекті биі, Баянаул сыртқы округінің Аға сұлтаны, XIX ғасырдың басындағы Ертіс – Баян өңірінің тарихи тұлға. Шоң би хан билігін құлату үшін күресті. 

Тел.:322343

Павлодар қаласы білім беру бөлімі