Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізу туралы
15-05-2019 12:42

2019 жылдың 15 мамырында сағат 18.30-даБілім және ғылым министрлігінің бастамасымен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасылық тәрбие – өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастыру негізі» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтеді,

Ата-аналар жиналысының мақсаты -ата-аналарды отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға тарту, олардың жауапкершілігін және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіне төмендегідей сұрақтар енгізілді:

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі.

Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар.

9 - 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы.

Оқу жылының қорытындысын шығару, білім алушылардың білім сапасы.

Мектепті басқарудағы қамқоршылық кеңесінің қызметі.

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері.

Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі).

Жазғы кезең қарсаңында балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға осы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

                                                                 Павлодар қаласының білім беру бөлімі