ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс өңірінің тарихи тұлғаларына арналған оқулар
16-05-2019 11:57
Ертіс өңірінің тарихи тұлғаларына арналған оқулар

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылғы 15 мамырда алғашқы рет Шоң би оқулары қалалық байқауы өткізілді. Мақсаты - қалалық мектеп оқушылары арасында Ертіс өңірі мен Баян өлкесінің атақты тарихи тұлғаларын насихаттау. Байқауға қаланың 23 жалпы білім беру мектебінің 5 - 11 сыныптарының 53 оқушысы қатысты.

Шоң би оқулары 3 номинация бойынша өтті: берілген тақырып бойынша эссе жазу (18 қатысушы), «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» - ақындар сайысы (16 қатысушы), Шоң би өмірі мен қызметіне байланысты тест сұрақтары (19 қатысушы). Оқу қорытындылары бойынша  15 қатысушы жүлделі орын иеленді, соның ішінде № 37, 4, 17 ЖОМ 3 оқушысы І орын, № 29, 19, 12, 39, 33, 12 ЖОМ оқушысы ІІ орын, № 40, 38, Жетекші ЖОМ, 19, 20, 14  6 оқушысы ІІІ орын алды.

№ 37 ЖОМ  10-сынып оқушысы Қайдар Саяжан «Эссе жазу» номинациясында І орын алды. Саяжан өзінің «Билердің қазақ қоғамындағы алатын орны» тақырыбына жазған эссесінде шығармашылық қабілеттерін, креативтік ойлау қабілетін көрсетті, билердің қазақ қоғамындағы рөліне дұрыс баға берді, эссе өзіндік стилімен, лексикалық-грамматикалық сауаттылығымен ерекшеленді.

 «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» номинациясында І орынды № 17 ЖОМ 5-сынып оқушысы Марат Аяла иеленді. Оның орындаған шығармасы тақырыпты терең ашумен, идеялылығымен және сөз саптауымен ерекшеленді.

 «Тест сұрақтары» номинациясында І орынды № 4 ЖОМ 7-сынып оқушысы Мухамеджанова Дария иеленді. Ол барлық 25 сұраққа жауап бере алды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қ. білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.  

  Шоң би Едігеұлы (1754 - 1836 жылдар, қазіргі Павлодар обласы Баянауыл ауданында туған) қазақтың көрнекті биі, Баянаул сыртқы округінің Аға сұлтаны, XIX ғасырдың басындағы Ертіс өңірі мен Баян өлкесінің тарихында ел билеген, өшпестей із қалдырған тарихи тұлға.  Шоң би хан билігін құлату үшін күресті.