ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз сіздерді ұмытпаймыз, батырлар
17-05-2019 09:30
Біз сіздерді ұмытпаймыз, батырлар

Рухани-адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2019 жылғы 14 мамыр күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Біз сіздерді ұмытпаймыз, батырлар!» әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауы өткізілді. Байқау Павлодар қаласы «Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ және 5512 әскери бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.

Байқау репертуарының құрамына Ұлы Отан соғысы кезіндегі әндер, жауынгерлік өткені туралы замануи әндері де еңгізілді. Әндердің орындалуы көріністермен сүйемелденді. Байқау соңында әскери бөлім қатысушыларды осы сарбаз ботқасынан дәм татты.

Байқауға қаланың 18 жалпы білім беретін мектептерінен 200 оқушы және экология және туризм орталығының балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қатысты. Байқау келесі аталымдары бойынша өтті: соло орындауы, гитараны сүйемелдеу негізінде соло орындалуы, дуэт, вокалдық тобы, орындаушы-авторлары.I орынды 8 мектеп оқушылары № 33, 34, 29, 9, 16, 41, 14, Кенжекөл ЖОМ иеленді, II орынды - 7 мектеп оқушылары № 27, 4, 11, 18, 24, 22 иеленді, ІІІ орынды - 6 мектеп оқушылары № 31, 4, 13, 33, № 20 лицей-мектебі, Кенжекөл ЖОМ иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ауған соғысының және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ және экология және туризм орталығының грамоталарымен марапатталды.