ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2019-2020 оқу жылына балаларды жинақтау, мектепке дейінгі мекемеге жолдама алу кезінде ерте брондау қызметі туралы
21-05-2019 11:30

Брифингтің өтетін орны мен уақыты:Кривенко көш., 25, 418 каб, 22 мамыр 2019 жыл сағ. 10.00 де

Спикерлер:Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, бағдарламаны әзірлеуші «Наnali 2013» ЖШС директоры Р. У. Ковжасаров.

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жинақтау бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру мақсатында жаңа оқу жылына ерте брондау функциясы енгізілуде. Ерте брондау дегеніміз не? Бұл орын шын мәнінде бос орын болмай тұрып, баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама алуға болатын бос орын. Ерте брондау бойынша орын алу үшін орын жариялау және босату кестесін оқып, орын жарияланған күні индиго24.kz сайтына кіріп, баланы жіберуді жоспарлап отырған балабақшаны таңдаңыз.

Кезекті басқару жүйесі күн сайын таңғы сағат 07:00 (жеті) - де бос орындар пайда болған әрбір кезекте бірінші өтініш берушілер (бір мезгілде барлығы) үшін ғана шектеулі мерзімге-3 (үш) жұмыс күніне, жаңа босаған орындар бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама алу мүмкіндігіне басым қолжетімділікті ашады (кіру осы кезек үшін босаған орындардың саны сияқты кезекте бірінші өтініш берушілердің санына ашылады).

Басым қолжетімділік ашылған өтініш берушілер босаған орындар туралы ақпаратты зерделейді және мүдделі болған жағдайда өздері таңдаған мектепке дейінгі балалар ұйымына қабылдауға электрондық жолдама алады.

Егер басымдыққа қол жеткізу үшін бөлінген уақыт өткеннен кейін әлі де босаған орындар болса, онда кезекті басқару жүйесі босаған орындардың санына пропорционалды түрде тиісті кезектерде барлық өтініш берушілер үшін рұқсат береді. Олардың кезектілігін ескерместен, бір уақытта барлығына қол жеткізуге болатындығына, назар аударамыз.

Орындарды брондау 27 мамырдан 16 тамыз аралығында олардың болжамды босату күні көрсетіле отырып жүргізіледі. Кезекті басқару жүйесі 1 қыркүйекте, егер олар бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына қабылдауға жолдама берілмеген болса, ерте броньдаудың барлық бос орындарын автоматты түрде жояды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі