ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«KazRobotiks» облыстық робототехника фестивалінің қорытындысы
21-05-2019 11:47
«KazRobotiks» облыстық робототехника фестивалінің қорытындысы

Қазақстандық «КазРоботикс» білім беру және спорттық робототехника Федерациясының қамқорлығымен 2019 жылдың 16 - 17 мамырында Павлодар көлік және коммуникация колледжінде облыстық робототехника фестивалі өтті. Фестиваль бағдарламасы - бірнеше санаттан тұрды. Фестивальге техникалық шығармашылықпен және робот жасаумен әуестенген облыстың қалалары мен аудандарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Мектеп оқушылары, студенттер KazRoboSport - 2019 спорттық робототехникасының 10 категориясында 3 лигадан жарысты - облыстық деңгейге А лигасы жатады, республикалық деңгейге (2) - В лигасы және С лигасы жатады. Фестиваль бағдарламасына алғаш рет WorldSkills Kazakhstan - 2018 Ұлттық чемпионатының тапсырмаларына негізделген Квест және Квест-плюс санаттары енгізілді. Фестиваль аясында KazRoboProject - 2019 республикалық жобалар конкурсының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

В лигасындағы жеңімпаздар қатарында күзде Шымкент қаласында өтетін KazRobotics - 2019 робот техникасы бойынша Республикалық чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған Мансуров Алимхан, Сидоров Никита, Павлодар қаласының № 24 ЖОМ оқушылары. 2019 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін KazRoboProject - 2019 республикалық жобалар конкурсының ақтық кезеңіне Павлодар қаласының № 11 ЖОМ оқушылары Дорохин Андрей, Абилева Аида жолдама алды. ІІ орынды В лигасында Сыздыкова Айпара, Малых Артем, Павлодар қаласы № 11 ЖОМ оқушылары иеленді. В және С лигасында III орынды Қайыр Бейімбет, Алдангоров Нуртай, № 37 ЖОМ оқушылары, Буданов Федор, Журавлев Владислав, № 18 ЖОМ оқушылары иеленді.

Облыстық фестиваль А лигасында жеңімпаз атанғандар: Тлеугазинов Жүрсін, Саги Нурбол, № 37 ЖОМ оқушылары, Коваленко Максим, Камышкенов Даниял, 39 ЖОМ оқушылары, Байдильдин Темір, № 9 ЖОМ оқушылары, Пирожников Владислав, Танирбергенов Расул, № 43 ЖОМ оқушылары. II орынды Лисин Тимофей, Сулейманов Рашид, № 17 ЖОМ оқушылары, Сакенов Назар, № 9 ЖОМ оқушысы, Кошкарев Даниель, № 41 ЖОМ оқушысы, Нургали Асылхан, № 13 ЖОМ оқушысы, Черкашин Никита, Андреев Ярослав, № 39 ЖОМ оқушылары иеленді. III орын - Уалиханов Жалғас, Алдангоров Нуртай, № 37 ЖОМ оқушылары, Щербакова Дарья, № 9 ЖОМ оқушысы.