ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ХХІ ғасыр оқушыларының интеллектісі: мүмкіншіліктерді жүзеге асыру, болашағы
21-05-2019 15:45
ХХІ ғасыр оқушыларының интеллектісі: мүмкіншіліктерді жүзеге асыру, болашағы

«ХХІ ғасыр оқушыларының интеллектісі: мүмкіншіліктерін іске асыру, болашағы» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Павлодар қаласының № 24, 30 ЖОМ оқушылары қатысты. Конференция 2019 жылы 16 - 17 мамырда Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжінде 8 бағыт бойынша: «Тарих және мәдениет», «Филология пәндері», «Техникалық пәндер», «Сәулет және дизайн», «Жаратылыстану-математикалық пәндер» (математика, физика, химия, биология), «Экономикалық пәндер», «Заң пәндері», «Ақпараттық технологиялар» секцияларында өтті.

Конференция қорытындысы бойынша III орынға № 24 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кожевникова Ангелина, № 30 ЖОМ оқушысы Мукыш Марал ие болды. Оқушылар университеттің ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Конференцияда Ангелина «Экономикалық пәндер» секциясында «Нарықтық экономиканың қараңғы жақтары» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол біздің ел азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін ғылыми-техникалық прогрестің басты қозғаушысы ретінде нарықтық экономиканың артықшылықтарын ғана емес, сондай-ақ нарықтың теріс жақтары-экология, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, төмен жалақы мәселелерін ескеру керектігін көрсетті. Ғылыми жетекшісі экономика мұғалімі Слывоцкая Ольга Яковлевна. Ангелина спортпен айналысады, спорттық жарыстардың жүлдегері және жеңімпазы. Облыстық ашық спорт чемпионатында 14 - 17 жас категориясында 2017 жылы II орын алды. Әуе-спорттық эквилибрден «Дуэт» санатындағы ашық облыстық чемпионаттың жеңімпазы болып табылады. Конференцияда Марал «Тарих және мәдениет» секциясында «Даналығын халықтың мақтан етем...» баяндамасын ұсынды, қазақ әдебиеті бойынша. Баяндамада қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтар қозғалды, оқушылармен, кітапханашылармен, ата-аналар жұртшылығымен жұмыс қорытындысын ұсынды, жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ауталипова Гүлжан Сағатқызы. Ол биология пәні бойынша оқушылар арасындағы қалалық пән олимпиадасының қатысушысы (2017 жыл), «Адам және табиғат» халықаралық конкурсының (2017, 2018 жыл), «Биология» секциясында жоғары сынып оқушылары арасында қалалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегері (2018 жыл).