ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы әкімінің олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесуі туралы
22-05-2019 15:04

2019 жылы 24 мамырда  сағат 12.00 – де «Крендель» банкет-холлында (Абай көшесі 115) 2018 - 2019 оқу жылының  зияткерлік жарыс жеңімпаздары және  жүлдегерлерімен Павлодар қаласының әкімі  А.К. Күмпекеевпен «Сарыарқа жұлдыздары» - «Звезды золотой степи» салтанатты кездесуі өткізіледі.  

Мереке мақсаты –дарынды оқушыларды қолдау   құттықтау.

Салтанатты марапаттауға ғылыми жоба байқаулары мен президенттік, пән олимпиадасының  республикалық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған 6 мұғалім,ғылыми байқаулар мен президенттік олимпиада, жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиаданың  облыстық және республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 48 оқушы шақырылды.

Кездесу бағдарламасында 2018 - 2019 оқу жылындағы қала оқушыларының жетістігі туралы бейнефильм көрсетіледі, ұстаздар мен оқушыларды құттықтайды,  концерттік нөмірлер.

2018 - 2019 оқу жылының  қорытындысы бойынша зияткерлік жарыс жетістігі үшін оқушыларға қала әкімінің «Сарыарқа жұлдыздары» атаулы кубогы, Алғыс хаты және құнды сыйлықтары тапсырылады.

2019 жылғы ғылыми жоба байқауларын, оқушылардың  республикалық пән олимпиадасына қатысуға сапалы дайындығы үшін 6 мұғалімге қала әкімінің Алғыс хаты тапсырылады.

                                                                                                    

Павлодар қаласының білім беру бөлімі