Жазғы демалыс кезінде жазатайым оқиғалардың, балалардың жол жарақаттануының алдын алу мақсатында 2019 жылғы 22 мамырда полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп «Балалардың қауіпсіздігі» акциясын өткізді.
Акция аясында жол-патрульдік полиция қызметкерлері 4 сынып оқушыларымен Жолда жүру ережелері бойынша жауап түрінде әңгіме өткізді. Балаларға қуыршақ театрының жол жүру ережелері туралы спектакльмен қойылымдары ұсынылды, онда мультфильмдердің сүйікті кейіпкерлері қатысушыларға жол жүру ережелері, жол жүру мәдениетін арттыру туралы айтты. Акцияға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 350 оқушысы, педагогтар қатысты.
Акция бағдарламасында сондай-ақ жол полициясы басқармасының ғимараты бойынша экскурсия, қызметкерлердің жұмысымен танысу көзделген. Оқушыларға жол полициясының арнайы автокөліктері көрсетілді. Оларға полиция автокөліктерімен жүру, автомашиналардың құрылысы туралы білу, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі ұсынылды. Соңында жол полициясы қызметкерлерімен бірге фотосессия өткізілді.