ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік-өлкетану бағыты бойынша инновациялық педагогикалық технологиялары
23-05-2019 09:26
Туристік-өлкетану бағыты бойынша инновациялық педагогикалық технологиялары

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің 30 біліктілік арттыру курстарының бірін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде өткізді.«Балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағыты бойынша инновациялық педагогикалық технологиялар»курстары 2019 жылғы 13 - 22 мамыр күндері аралығында өтті. Мақсаты -аймақтардағы балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту және белсендету үшін педагогикалық шарт-жағдайларды қамтамасыз ету болды. Курсқа Қазақстан аймақтары жалпы орта білім беру мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің туристік-өлкетану қызметімен айналысатын үйірмелер, клубтар мен секциялардың 50 жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, спорт нұсқаушылары, қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Курстың бағдарламасы көлемінде балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағыты бойыншакөкейкесті мәселелері қарастырылып, Павлодар аумағының қосымша білім беру ұйымдары бойынша шолу экскурсиялары, Павлодар қаласының естелік орындары бойынша тақырыптық экскурсиялары, Усолка өзенінің қоймасында біркүндік оқу-машықтану жорығы өтті. Дәріскерлер ретінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Инновациялық Еуразиялық университетінің оқытушылары, «Өрлеу» БАҰО филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының тренерлері, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының мамандары, Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәжірибелі қосымша білім беру педагогтары шақырылды. Курстың қорытындылары бойынша қатысушыларға Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табыс етілді.