ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
24-05-2019 08:30
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

2019 жылдың  21 мамырында Павлодар қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәсілдерін жаңартудың өзектілігі мен маңыздылығы»  атты облыстық семинары  өтті. Семинарға  50 мектепке дейінгі ұйым басшылары мен білім беру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.  Семинардың мақсаты - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту тәсілдерін жаңарту қажеттілігімен таныстыру. Семинарға тренер Құндыз Мұратханқызы Рахымжанова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, Динара Қабылқайырқызы Тоғанбекова, № 29 сәбилер бақшасының әдіскері, Елена Николаевна Беркетова, № 11 сәбилер бақшасының тәрбиешісі қатысты. 

  Семинарда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту сұрақтары талқыланды. Бұл кездесу қатысушылардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында балаларға өмірге қажет дағдырларын игеруге  және оларды тұлға ретінде жан-жақты дамытуға ықпал ету түсініктерін  қалыптастырды. Семинар барысында қатысушылар күтілетін нәтижелерге жету үшін балабақша практикасына өзгерістер еңгізу қажеттілігін түсінді. Облыс педагогтары курс бағдарламасының түйінді идеяларымен танысып, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту практикасында нені және қалай өзгерту қажет?» деген сауалға жауап берді.

Өткізілген семинар қатысушыларға білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер мен үрдістерді талқылауға және бұл бағытта алдағы жұмыс перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша рефлексия өткізіліп, педагогтар алдағы өзгерістердің маңызды екенін айтып өтті. Бұл аталған шараның мақсатқа жеткендігінін  дәлелі.