Павлодар облысындағы 42 жалпы білім беретін мектептерде 2019 жылғы 25 мамырда сағат 10.00-де «Болашақ жастарда» соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өтеді.
№ 25 ЖОМ-да сағат 10.00-де (Майра көшесі, 49/1) Соңғы қоңырау шарасына Павлодар қаласының әкімі Ә.Қ. Күмпекеев қатысады.
Соңғы қоңырау қала мектептерінің 1012 түлегі мен 9-шы сыныптың 3126 түлегіне соғылады. Мерекелік іс-шараларға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, қоғамдық ұйымдардың, педагогикалық еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар және БАҚ өкілдері ќатысады.
9-шы және 11-ші сынып түлектерін алда мемлекеттік емтихандар күтуде. 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ-ны 792 түлек тапсырады деп жоспарлануда.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі