ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Оқу жылының соңғы қоңырауы
25-05-2019 14:45
Оқу жылының соңғы қоңырауы

     2019 жылдың 25 мамырында «Болашақ жастардыңқолында» соңғы қоңырау күніне арналған салтанатты іс-шаралар Павлодар қаласының 42 жалпы білім беру мектептерінде өтті. Соңғы қоңырау 1 - 11 сыныптардың 40 мың оқушысы үшін соғылды, оның ішінде 11 сыныптардың 1012 түлегі және 9 сыныптардың 3126 түлегі үшін. 11 сынып түлектерінің ішінде «Алтын Белгі» аттестатына 30 үміткер және үздік аттестатқа 28 үміткер.

      Мерекелік іс-шараларға облыс және қала әкімдігінің, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, «Nur Otan» партиясының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, Құрметті азаматтар, БАҚ өкілдері қатысты.

        Павлодар қаласының № 25 ЖОМ мереке рәсіміне Павлодар қаласының әкімі Ә. Қ. Күмпекеевқатысты. Әкім мектепке 5 миллион теңгеге сертификат берді.

      Одан әрі 9 және 11 сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихан тапсыру қажет. 20 маусым мен 1 шілде аралығында 792 түлек ҰБТ тапсырады.