ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың жас экологтар мен өлкетанушылардың біріншілігі
28-05-2019 08:41
Қаланың жас экологтар мен өлкетанушылардың біріншілігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм Балалар-жасөспірімдер орталығында жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің «Табиғатты аяла» республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. Форумға Ақсу, Павлодар қалаларының, Ертіс ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 30 оқушысы қатысты.

Форум шарттары бойынша зерттеу жобалары мен бейнероликтер қорғалды, эко-дизайнерлер конкурстары мен экологиялық квест өткізілді.

Форум қорытындысы бойынша жалпыкомандалық І орынды Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері (№ 25, 30, 42 ЖОМ оқушылары) мен № 33, 37, № 16 лицей-мектебінің оқушыларынан тұратын «Жасыл ғаламшар» құрама командасы иеленді. «Жасыл ғаламшар» командасы құрамында Базарбаева Дильназ (№ 25 ЖОМ), Есенгелді Әйгерім (№ 37 ЖОМ), Рамазанова Анели (№ 37 ЖОМ), Маденова Данели және Стоцкий Иван (№ 30 ЖОМ), Есмагамбетова Гүлбаршын (№ 33 ЖОМ), Маршал Оксан (№ 16 ЖОМ), Альжанова Дильназ (№ 42 ЖОМ), Сарсембаева Жасмин (№ 25 ЖОМ) «Табиғаттың құтқару шеңбері» номинациясы бойынша, құрамында Базарбаева Дильназ, Базарбаева Дильназ (№ 25 ЖОМ), Есенгелді Айгерим, Рамазанова Анели (№ 37 ЖОМ) - «Жасыл оазистер» эко-дизайнерлер конкурсында жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар дипломмен, команда жетекшілері-облыстың Аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының грамотасымен марапатталды.