Павлодар қаласының № 36, 34 мектептерінің 5 сынып оқушылары Булатов Қайыр және Тархаров Лаврентий Павлодарлық полиция қызметкерлеріне қылмыскерді ұстауға көмек көрсетті. Соңғы қоңырау мерекесіне арналған жиында Оңтүстік полиция бөлімінің полицейлері ұлдарға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдіріп, алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті. Ұлдардың үлгілі тәрбиесі үшін ата-аналары мен сынып жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.
Павлодар облысының полиция департаментінде ата-аналар лайықты ұлдарды тәрбиелегендерін және Қайыр мен Лаврентидің іс-әрекеттері қала мен отанның тағдырына бей-жай қарамайтын, мектеп оқушыларына лайықты үлгі екенін атап өтті.
Қайыр оқуда қиындықтарды сезінбейді, әділдікті ұнатады, басқалардың жетістіктеріне қуанады, көпшіл және белсенді оқушы. Ол биді ұнатады, би үйірмесінде бимен айналысады. «Мен қылмыс жасағанын көре тұра, шетте қалмадым. Адамдар, балалар зардап шегуі мүмкін. Мен өз қалам мен өз елімді жақсы көремін, сондықтан олардың тағдырына немқұрайлы қарамаймын», - дейді Қайыр.
Лаврентий адал, өте мейірімді, жауапты, қарт көршілерге көмектеседі. Ол спортты жақсы көреді, самбо және құзға өрмелеумен айналысады, қысқа мерзім ішінде бірнеше медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Чехов атындағы драма театрында ART lahnd-да өзінің шығармашылық шеберлігін дамытады.