ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды қорғау күніне арналған қала балабақшасындағы мерекеге қала әкімінің қатысуы туралы
31-05-2019 08:46


Бааларды қорғау күніне арналған қала балабақшасындағы мерекеге қала әкімінің қатысуы туралы
2019 жылдың 31 мамырында сағат 12.00-де № 52 арнайы балабақшада (Урицкий,76) қала әкімі Ә. Қ. Күмпекеевтің қатысуымен Балаларды қорғау күніне арналған балалар мерекесі өтеді.
Балалар мерекесін бірнеше АРТ-алаңдар ұйымдастырылған балабақша аумағында өткізеді. Бұл студия «Акварелька қалаға қадам жасайды», онда балалар сурет салудың дәстүрлі емес техникасын пайдалана отырып, жазғы Павлодарды бейнелейді. Келесі «Арман Қала» АРТ-алаңында тәрбиеленушілер ұжымдық, жасампаздық қызмет барысында ертегі кейіпкерлерімен бірге өздерінің конструкторлық қабілеттерін қолданады. Сонымен қатар, «Степ-алаң», «Құм терапиясы», «Арт-терапия» АРТ-алаңдары жұмыс істейді.
    Арнайы балабақшаның тәрбиеленушілері сыйлыққа сөйлеу тренажерларын сатып алуға сертификат алады.
Арнайы балабақшаға ерекше білім беру қажеттілігі бар 78 тәрбиеленуші, оның ішінде психикалық дамуы тежелген 29 бала және сөйлеу қабілеті бұзылған 49 бала барады. Түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін штатта 2 бірлік дефектолог, 5 бірлік логопед, музыкалық жетекші, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, психолог, психиатр-дәрігер, физио - дәрігер, физиомедсестра, медбике, 10 бірлік тәрбиеші және т. б. бар.
Педагогикалық ұжымның негізгі міндеті тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды білікті түзету арқылы балалардың ерекше қажеттіліктерін жүзеге асыру, әлеуметтік тәжірибе алу үшін жағдай жасау болып табылады. Педагогтер жұмыста баланың әлеуметтік-психологиялық жағдайын қамтамасыз ету технологияларын, түзету технологияларын қолданады.

    Павлодар қаласының білім беру бөлімі