ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды қорғау күніне арналған мерекені өткізуге қатысу туралы
31-05-2019 13:40

Бірінші маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Нұрлы болашақ»кең ауқымды республикалық акциясы ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты - Балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және отбасы мен балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ және басқа да әлеуметтік топтардың күшін біріктіру.

Бұл күні балалар үшін балалар шығармашылығының фестивальдары, театрландырылған көріністер, карнавалдар, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, асфальтта сурет салу конкурстары өтеді.14 жасқа дейінгі оқушыларға қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұйымдастырылады.

31 Мамырда балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар қаласының № 52 сәбилер бақшасының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалары үшін қала әкімі Ә. Қ. Күмпекеевтің қатысуымен «Нұрлы бөбек» балалар мерекесі өтеді.

Павлодар қаласының аз қамтылған отбасыларынан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар 120-дан астам балалары мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен «Күн шуақты жаз» мерекесіне қатысады және Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Крудс отбасы» киносеансының қайырымдылық мерекелік көрсетілімі өтеді.

Облыстық полиция департаментінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт кешені ұйымдастырған «Динамо» Қазақстан балаларына» қайырымдылық акциясына Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірге Павлодар қаласының № 35 ЖОМ 20 оқушысы қатысады.

3-ші жыл 2000-ға жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қаланың мектептен тыс мекемелерінің тәрбиеленушілері Облыстық балалар музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруіне қатысады. Павлодар қ. балалар көркемсурет мектебінің 100-ден астам оқушысы «Бақытты балалық шақ» суреттер конкурсының қатысушылары болады, Павлодар қ.балалар техникалық мектебінің 50 тәрбиеленушісі көрмені ұсынады. Көркем сурет мектебі мен қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 100 тәрбиеленушісі үшін балалар көркемсурет мектебінің ауласында асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылады.

 Концерттік-ойын-сауық бағдарламаларында, «Спортландия», «Біз елдің салауатты болашағымыз» атты көңілді старттарда аула клубтарының, қаланың мектептен тыс мекемелерінің 5000-нан астам балалары қамтылады.

Кинотеатрларға, демалыс орталықтарына, мұражайларға, театрларға 2000 бала шығады.

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 500 баласы үшін Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтары концерттік-ойын-сауық бағдарламасын ұсынады.

   

42 жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс мекемелерде «Нұрлы болашақ» мерекелік іс-шаралары, театрландырылған бағдарламалар, асфальтта сурет салу конкурстары, ойын-сауық конкурстары мен зияткерлік ойындар, шахмат турнирлері жоспарланған.

Бұл күні дәстүрлі түрде барлық жалпы білім беретін мектептерде күндізгі 9168 бастауыш сынып оқушылары үшін «Көңілді жаз» 3-ші рет тамақтануымен мектеп жанындағы лагердің 1-ші маусымының ашылуы өткізіледі. Мектеп жанындағы лагерьлер балалар жазғы демалыс пен демалатын ойын және ұйықтайтын бөлмелермен жабдықталған. Маусымның ашылу күнінде жалға алушылар тәтті тағамдар ұсынады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі