ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болашақтың музыка әлемі
03-06-2019 15:54
Болашақтың музыка әлемі

«Болашақтың музыка әлемі» жобасы аясында Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2019 жылғы 3 маусымда  «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» ІІ фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Фестивальдің мақсаты - талантты балаларды қолдау, тарихты, мәдениетті, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін білу. Фестивальдің ашылуына № 6, 28 мектептерінің мектеп жанындағы лагерьлерінің оқушылары қатысты.

Фестивальдің ашылу бағдарламасында Р.Омаровтың «Жастық шақ»,  А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ақан серінің «Қараторғай», Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек», Құрманғазының «Жима»,  атты туындылары, қазақ халқы әндерінің тақырыптарына попурри, «Ақ баян» халық әні шырқалды. Сахнада қобызшылар, домбырашылар, жетігеншілер ансамблдері бірін-бірі алмастырды. Әртүрлі аспаптар дыбыстарының арқасында таныс әуендер жаңа түске боялғандай. Қалел Рамазанның «Ақ сиса», Оразалиев Алибектің «Туған жер», Усина Данияның орындауындағы «Бір үйдің баласындай» әндері өте жарқын шықты. Жанатова Асем, Рауш Арианнаның орындауларындағы «Қай заман», «Жаңа ғасыр» әндері  көрермендерді ойландырды.

Көрермендер Қазақстан тарихы туралы қызықты викторинаға қуана қатысты. Іс-шара фольклордың түрлі жанрларына қызығушылық танытуға, заманауи көрермендер үшін қызықты өнер туындыларын жасауға мүмкіндік берді. Фестиваль құрылымдық музыкалық мектептерде жалғасады және балалар музыка мектептерінің 400-ден аса оқушысының қатысуымен гала-концертпен аяқталады.