kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2911121
Бір айда250579
Бір аптада31874
Кеше6139
Тәулік74
«Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында жазғы кезеңнің ашылуы
06-06-2019 14:49
«Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында жазғы кезеңнің ашылуы

2019 жылы 6 маусымда «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында «Сәбидің күлкісі - әлемнің сыңғыры» атауымен ағымдағы жылдың жазғы кезеңі 7-ші аусымының ашылуы өткізілді. Мақсаты - дене шыдамдылығын бекіту, шығармашылық мүмкіншілігін ашу, балалардың қызығушылық, әртүрлі, белсенді және танымдық демалысы мен  сауықтырылуын ұсыну.

2019 жылы 4 маусым  мен 14 маусым аралығында орталықта 40 жалпы білім беретін мектептен 95 оқушы бар, сонымен  қатар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалар, аз қамтылған  және  көп отбасының  балалары. Кезеңнің төлемақысы 25000 теңгені құрайды. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалар үшін демалыс ақысыз, аз қамтылған және көп балалы отбасына төлемақы 80% немесе 2200 тенге жеңілдік қарастырылған.

Ашылуға  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі  тәрбие  секторының  жетекшісі Жанар Ануарбекқызы Таджикова, Мичурин ауылының  әкімі  Оралбек Оразбекұлы Копенов  қатысты.

Орталықта  оқушылар  5 рет тамақпен қамтылған, сауықтыру шаралары қарастырылған - тұзды шахта, оттекті коктейль, ультрадыбысты ингалятор, биоптрон, фито-шәй. Оқушыларға  «Эбру», «3-Д формата», М. Мағауи сахналық қойылым «Бір атаның балалары» қызығушылықтары бойынша үйірмелерге, «Балалығым бақытым», «Еркін би, көңіл-күйім» ойын алаңдарына қатысу мүмкіншілігі қарастырылған.

Осы кезеңде «Қош келдіңдер бүлдіршіндер!», «Алақай, балақай», «Біз жарқыраймыз, жайнаймыз», «Две звезды», «Ертегілер әлемі», «Baldauren TV», «Қазақстан алтын бесігім», «КВН», «Қош бол, Ғажайып әлем», «Денсаулық-зор байлық»  жалпы лагерь шаралары өткізілді. «Путешествие по лабиринту», «Сиқырлы таяқшалар», операция «Клад», «Бармағынан бал тамған», «Көңілді ноталар», «Күлкі сыйла», «Тәуелсіз Отаным - Қазақстан», «Бояулар әлемі», «Не? Қайда? Қашан?» шығармашылық және танымдық байқаулар өткізіледі. Футбол , волейбол бойынша «Спорт сенің серігің», «Көңілді мәре», «Сиқырлы қоржын», «Айгөлек», ұлттық ойындар - тоғызқұмалақ, бес асық, орамал тастау, «Айбын», «Толағай». спорттық шаралар  өткізу жоспарлануда. Орталықта бес 2 қабатты коттедж, аудио-бейне телеаппаратурамен жабдықталған, Алма - ТВ, компьютер және тұрмыстық техника қосылған. 2019 жылдың маусымынан тамызына дейін Балдауренде 720 бала демалады.