kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2937645
Бір айда219645
Бір аптада48824
Кеше8020
Тәулік467
Жас модельер-дизайнерлердің шығармашылығы
12-06-2019 11:50
Жас  модельер-дизайнерлердің шығармашылығы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 11 маусымда  қалалық ойын-сауық орталығында «Cтилисты - 2019» жазғы шығармашылық жобасының «Модельер-дизайнер» I туры өткізілді. Байқау мақсаты - қызығушылығы бойынша балаларды қамту, жазғы демалыс кезеңінде  балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау. Байқауға қаланың 20 жалпы білім беру мектептерінен 331 оқушы қатысты.

Байқаудың негізгі шарты ұжымның шығармашылық мүмкіншілігі, әртістілігі,өзіндік идея, киім дайындау  кезінде табиғи материалды пайдаланудағы  кретивтік жолдар болып табылады. Қатысушылар көрермендерді шабыттандырып және қызықтыра алғандарына қуанды. Шығармашылық топтың міндеті жаңа формаларды іздестіру, әртүрлі стиль мен бағыттарды араластыру. Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын анықталды,оның ішінде I дәрежелі дипломмен  № 21 ЖОМ «Смешарики» командасы, II дәрежелі дипломмен  № 26 ЖОМ «Эко-модницы» және № 39 мектептің «Эко-мода» командасы, III дәрежелі дипломмен - № 17, 22, 30 мектеп командалары ие болды. «Лучший дизайнер» номинациясымен  № 13 мектептің «Яркий образ» командасы, № 19 мектеп командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін  № 7, 25, 35, 42 ЖОМ оқушылары белгіленді. «Смешарики» командасы модельер-дизайнерлерінің ашық костюмдері мерекенің ерекше атмосферасын туғызды. Байқауға бүктеме қағаздардан арнайы киімдер, әртүрлі пакеттерден көйлектер,газеттерден белдемшелер тігілді. Үлгіні көрсету музыка және сән  үлгісін дамытудағы жаңа кезең туралы түсініктемемен  сүйемелденді. «Болашақта сахналық көрініс, жақсы сценография және қызықты драматургиямен нағыз шоу көрсетуге үлкен ықыласы бар екенін», - орталық әдіскері Айгүл Жылқыбайқызы Шакенова айтты.