kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2921905
Бір айда132884
Бір аптада22778
Кеше4062
Тәулік3580
Балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту
14-06-2019 15:34
Балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 5 маусымда  қалалық ойын-сауық орталығында «Super ұлдар» жазғы шығармашылық жобасының «Лучше всех» I туры өткізілді. Мақсаты - жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын қамту,шығармашылық белсенділігін дамыту, талантты балаларды қолдау.Байқауға қаланың № 5, 17, 35, 34, 41, 33, 26, 18, 4, 11, 15, 28, 29, 36, 9, 39, 43, 14, 2, 22, 6, 42, 16, Жетекші ЖОМ мектеп жанындағы лагерьлерінің 7 - 10 жастағы ұлдар құрамындағы 24 команда қатысты.

Байқау  шарты бойынша команда да жұмыс істеу іскерлігі,сахналық шеберлігі,көрініс түпнұсқалығы, байқау тақырыбы бойынша команданың орындау сәйкестілігі бағаланды.Команданың визит картасын көрсету кезінде командалар өздерінің алуан түрлі қызығушылықтарын,құмарлықтарын, шығармашылықпен жұмыс істей алатын  іскерліктерін көрсетті. «Қазақ елі» өлеңін орындау кезінде сахналық образ көрсеткен № 35 ЖОМ  командасы  I орын алды. № 15 мектеп  командасы  костюм және заманауи биін орындағаны үшін II орын алды. № 43 мектеп командасы «Приключения Электроника» кинофильмнен «Мы маленькие дети» өлеңін өзгеше жалынмен орындады. № 33, № 9, Жетекші мектеп  командаларының кішкентай бишілері  III орын алды. «Самое оригинальное представление команды» номинациясымен № 39 мектептің ұлдар командасы марапатталды . «Самое креативное представление команды» номинациясымен - № 28 мектеп командасының ұлдары  марапатталды. № 17, 34, 29, 22 мектеп командалары  белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.