kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2954484
Бір айда230320
Бір аптада45795
Кеше9634
Тәулік389
Мектеп жанындағы лагерь би ұжымының орындауы
18-06-2019 11:03
Мектеп жанындағы лагерь би ұжымының орындауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 13 маусымда «Super ұлдар» жазғы шығармашылық жобасының «Just dance» 2 туры өткізілді. Мақсаты - жазғы демалыс кезеңінде  балалардың бос уақытын қамту,шығармашылық белсенділігін дамыту, талантты балаларды қолдау. Байқауға қаланың  № 1, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 15, 14, 17, 21, 22, 26, 28, 33, 39, 42, 43, 35,  Жетекші, Кенжекөл  ЖОМ мектеп жанындағы лагерьлерінің 21 би ұжымы қатысты.

Бұл байқаудың негізгі шарты орындау техникасы, композиция, орындау ерекшелігі және қатысушының сыртқы көрінісі. Байқау қорытындысы бойынша Жетекші  ЖОМ «Батырлар» командасы I орын алды.  Ұлдар ұлттық костюмде «Қара жорға» биін көрсетті, жақсы ұжымдық  көрініс көрсетті. № 6 ЖОМ «Ранетки» командасы және № 17 мектептің «Лидер»  командасы II орын алды. Олар көңілді  және  жалынмен қазіргі билерді орындады, ұлттық костюммен, хореографиялық өнермен көрермендерге әсер етті. № 9, мектептің «Тұлпар» командасы, № 28 мектептің  «Юнга» командасы,  № 39 мектептің  «Зымыран»  командасы  III орын алды. Би ұжымдары хореография, ұлттық би сюжетімен ерекшеленді.

«Самый оригинальный танец» номинациясына  1 мектеп   командасы және № 26 ЖОМ   «Ритмы танца» командасы  ие болды.  № 14, 33, 35, Бауыржан  Момышұлы мектеп командалары белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Жүлделі орын алған командалар Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  дипломымен марапатталды. Екі  тур бойынша жалпы қамтылуы  644 оқушы.