ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2019 жылға жаңа орындарға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс бойынша хабарландыру
30-04-2019 17:19

«Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) 2019 жылға жаңа орындарға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес конкурсқа қатысу үшін жеке орта білім беретін ұйымдар білім беру бөліміне келесідей құжаттарды ұсынады:

1) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) жарғы көшірмесі;

5) екінші деңгейлі банктерден берілетін берешектерінің болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);

6) "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.

Өтінімдер мен құжаттардың толық пакетін 2019 жылғы 1 шілдеге дейін білім беру бөліміне төмендегідей мекенжай бойынша ұсыну қажет: Павлодар қаласы, Кривенко көш., 25, 425-каб. Анықтама үшін телефон: 65-04-27.