ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жануарларға көмек көрсету қайырымдылық акциясының қорытындысы туралы
19-06-2019 17:08

2019 жылғы 21 маусымда сағат 10.00-де Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ-де (Шевченко көшесі, 1) «Кішкентай досыңа үлкен көмек» қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылады. Мақсаты - панасызжануарларға көмек көрсету, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, жануарларға қамқорлық жасауға үлес қосу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осындай іс-шаралар қайырымдылық мәдениетін тәрбиелейді, Отанға деген сүйіспеншілік туған өлкеге деген қамқорлық пен жауапкершілік арқылы көрініс табатынын түсінуге көмектеседі.

Павлодар қаласының «Сердца Павлодара» ҚҚ бірлескен, мектеп жанындағы «Күншуақ қаласы» лагерінің мұғалімдерінің, балаларының, ата-аналардың қатысуыменакция15 -21 маусым аралығында өтті.

Қорытынды шығару кезінде жиналған арнайы азықтар «Сердца Павлодара» ҚҚ Үйсіз жануарларды оңалту жөніндегі Павлодар орталығынаберіледі.

Үйсіз жануарлар мәселесі көптеген қалаларда шиеленіскен. Иттер мен мысықтарды бақылаусыз өсіру және жауапсыз ұстаудан ол айтарлықтай ауқымға ие болды. Экологтардың пікірінше, үйсіз жануарлар, ең алдымен иттер мен мысықтар заманауи мегаполистің экожүйесінің үйреншікті бөлігіне айналды. Қала тұрғындарының көпшілігі бақылаушылар позициясын алып отырған уақытта, волонтерлер мен экологиялық қозғалыстар белсенділерінің шағын топтары біздің әлемді сәл жақсырақ етуге тырысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі