Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы даланың жеті қыры балалардың көзімен
20-06-2019 08:20
Ұлы даланың жеті қыры балалардың көзімен

Павлодар қаласының № 17 ЖОМ әр отряд шығармашылық түрде Ұлы дала қырының бірін таныстырды: салт аттылық мәдениеті, Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан - алма мен қызғалдақтар отаны. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Павлодардың Құрметті азаматы Шолпан Байғалықызы және Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайының қоғамдық-ағарту бөлімінің бас маманы, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы экстремал Жеңісбек Қадырұлы серпантиннің құрметті қонақтары болды.

Ұлттық киімдегі гидтер қонақтарға ежелгі қолөнершілердің шеберханасы, Ұлы Жібек жолының сауда орындары бойынша көптілділік элементтерімен экскурсия өткізді. Серпантин көрермендері суырып салма шайқасқа қатысып, қызғалдақ пен алма сыйлығына ие болды. Қонақтар көптеген сұрақтарға жауап берді. Шолпан Байғалықызы Мектепке кітап сыйлап, өз өлеңдерінің бірін оқыды. Жеңісбек Қадырұлы өлкетану мұражайының экспозициялары туралы әңгімеледі. «Серпантин дала өркениетінің жеті жағын қызықты түрде ашып көрсетті», - деп өз әсерімен бөлісті 9 сынып оқушысы Валерия Глазунова.