ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Станция бойынша «IQ fest» зияткерлік ойын
21-06-2019 12:21
Станция бойынша «IQ fest» зияткерлік ойын

2019 жылы 20  маусымда  «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қалалық ойын-сауық орталығында «Керемет» жазғы жобасының   «IQ fest»   II туры өткізілді. Мақсаты - шығармашылық қызмет негізінде бейіндік шығармашылық топ құру, жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін белсендіру болып табылады. Зияткерлік байқауға   қаланың 21 жалпы білім беру мектебінен 269 оқушы қатысты.

Байқау шарты бойынша ойын қатысушылары «IQ fest» - «Удивительный квадрат», «Логическая головоломка», «Соображалка», «Полиглот», «Что? Где? Когда?», «Реши кроссворд, отгадай загадку», «Отгадай пословицу» станциялары  бойынша  саяхат жасады. Осылай алған тапсырмаларына таңдалған жауапты дәлелдеу үшін , өздерінің білімдері мен іскерліктерін көрсетуге талаптанды. «Удивительный квадрат» станциясында № 39 мектеп командасы өзінің  креативтік ойын  көрсетті, логикалық тәсілмен ойжұмбақтарды шешті. «Полиглот» станциясында № 16, 43, 34 мектеп командалары қазақ, ағылшын,орыс тілінде білімдерін көрсетті.

Әрбір команданың қорытынды бағасы барлық станцияда командаға қойылған ұпай санынан, жалпы саны қойылды. 6 жүлделі орын анықталды, оның ішінде I дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ «Stars»  командасы, II дәрежелі дипломмен № 16 мектептің «Динамид» командасы, № 43 мектептің «Бүркіт» командасы, III дәрежелі дипломмен № 9, 14, 25 мектеп  командалары марапатталды. «Логическая головоломка» номинациясымен № 26 мектеп командасы, «Полиглот» номинациясымен - № 34 мектеп командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 6, 21, 29, К. Макпалиев атындағы ЖОМ оқушылары  дипломмен марапатталды.