ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық саябақ сахнасында мектеп жанындағы лагерьлердің вокалистері өнер көрсетті
25-06-2019 10:18
Қалалық саябақ сахнасында мектеп жанындағы лагерьлердің вокалистері өнер көрсетті

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем Бала» жоба аясында 21 маусымда «Super ұлдар» жазғы шығармашылық жобасының  «Ты, супер» вокалдық байқауының  III туры өткізілді. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді және мазмұнды ұйымдастыру,шығармашылық қабілетін,көшбасшылық және ұйымдастыру қасиетін дамыту. Байқауға № 1, 5,  7, 9, 14, 15, 16, 17, 22, 28, 33, 34, 41, 42, 43, Жетекші мектеп жанындағы лагерьлерінің  7 - 10  жастағы  69 ұл қатысты,  команда  6 қатысушыдан тұрды. Қатысушылардың  жалпы қамтылуы 175 баланы құрады.

Байқау шарты бойынша оқушылар орындау шеберлігін шығармашылық түрде  көрсете алды, көрермендерді сахналық мәдениеті, даралығы, әртістілігі, вокалдық  талғамы және ашық костюмдерімен қуантты. Қатысушылармен патриоттық және лирикалық, туған өлке, отан туралы,соғыс жылдарының  өлеңдері  орындалды.

Байқау қорытындысы бойынша «Лизавета»  музыкасы Н. Богословский және сөзі  Е. Долматов өлеңінің түпнұсқасы мен сахналық образы үшін № 34 ЖОМ «Вестники» командасы  I орын алды. II орынды «Соло на трубе» А. Распопова өлеңін орындау кезінде вокалдық талғамы, костюм сәйкестігі үшін  № 43 мектептің «Звезды» командасы және «Quest Pistols» тобынан «Непохожие» өлеңін жалынды,әсерлі орындағаны үшін № 9 гимназия-мектебінің «Тулпар» командасы бөлісті. III орынға № 28 мектептің  «Юнга» командасы, № 17 мектептің «Мелодия» командасы, № 15 мектептің «Реальные пацаны» командасы ие болды. «Профессиональное исполнение» номинациясымен  № 1 мектеп оқушылары, «Креативное исполнение» номинациясымен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін  № 5, 33, 42, Жетекші мектептері дипломдармен марапатталды.