ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейіндік мектеп - жаңа олимпиядалық жеңіске жол
25-06-2019 10:39
Бейіндік мектеп - жаңа олимпиядалық жеңіске жол

2019 жылдың 11 - 21 маусым аралығындағы  олимпиядашыларға арналған жалпы білім беру пәндері бойынша екі апталық сабақ аяқталды. Сабаққа қаланың 35 жалпы білім беру мектептерінен 6 - 8 сыныптың 65 оқушысы, Смагулов,кешенді және жасөспірімдер олимпиадасының қатысушылары, сонымен қатар қалалық кезеңінің 10 жүлдегері мен жеңімпазы және оқу жылының жалпы білім беру пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасы республикалық кезеңінің  1 жүлдегері қатысты. Оқушылар келесі оқу жылында өз қабілеттерін олимпиадалық қозғалыста сынауға жоспарлап отыр.

Олимпиадалық дайындық мектебінде сабақ дайындау үшін жоғарғы білікті мамандар  математика бойынша олимпиядалық мектептің жаттықтырушысы  Николай Борисович Горшков,  физика бойынша С. Торайғыров атындағы  Павлодар Мемлекеттік университетінің  оқытушысы ф-м.ғ.к. Талғат Сапарғалиұлы Досанов,  биология бойынша Павлодар Мемлекеттік педагогикалық  университетінің оқытушысы  к.б.н. Ляззат Токсанқызы Булекбаева, география бойынша  Мадина Ержанқызы Сержан, магистр, химия бойынша   Светлана Генадьевна Музыка, магистр  шақырылды. Сабақ дарынды балаларды қолдау, олимпиадаға дайындық кезінде практикалық  көмек  көрсету мақсатында өткізілді.