ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорттық құзға шығу бойынша облыстық чемпионат жүлдегерлері
26-06-2019 09:39
Спорттық құзға шығу бойынша облыстық чемпионат жүлдегерлері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  экология және туризм балалар-жасөспрімдер орталығының «Вертикаль», «Вершина», «Искра», «Пирамида», «Колибри» балалар-жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері табиғи бедерде спорттық құзға шығу бойынша облыстық чемпионатқа қатысты. Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, тау туризмімен айналысатын балаларды қолдау, спорттық құзға шығуды әйгілеу.

Чемпионат шарттары бойынша қатысушылар жартылай финалға қатысу үшін біліктілік  іріктеуден өтті. Финалға 11 - 18 жастағы 50-ден астам ең мықты қатысушы, соның ішінде 30 павлодар тәрбиеленушісі өтті. Жарыстар «Жылдамдық» тәртібінде жүргізілді. Қатысушылар құздың белгілі бір учаскесін айтарлықтай тез өтуге тиіс болды. Финалдық тур нәтижелері бойынша Павлодар қ. командасы жалпы командалық сынақта ІІ орын алды. Жеке сынақта команда жинағына І орын алған,  «Вершина» клубының тәрбиеленушілері Икласова Альбина, Шаерман Слава, жетекшісі Агалаков Сергей Николаевич медаль әкелді. «Искра» клубының тәрбиеленушілері Кривошеева Милена ІІ орын, Панфилова София ІІІ орын алды, жетекшісі Кенжин Рустам Айтанович. «Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері Рамазан Диас ІІ орын, Даукенов Олжас, Украинец Ярослав ІІІ орын алды, жетекшісі Дьяченко Оксана Владимировна. Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдерімен және мадақтамаларымен марапатталды.

Сондай-ақ, қатысушылар чемпионатта «Мыстан кемпірлердің шатқалына», «Писаница» гортына бара алды әрі туристік дәстүр бойынша кері қайтар жолда табиғат патшасы «Берендейден» жақсы ауа-райын сұрады.

Чемпионат 21 - 23 маусымда Баянауыл ұлттық паркінде өтті. Павлодар қаласы «Эдельвейс», «Скалодом», «Гермес» клубтарының және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  экология және туризм балалар-жасөспрімдер орталығының 150 аса қатысушысы қатысты.