ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының ата-аналар қоғамдастығымен кездесуі
26-06-2019 17:59
Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының ата-аналар қоғамдастығымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар ата-аналар жұртшылығымен есеп беру кездесулерін өткізеді. Кездесулер өз кезегінде білім беруді басқарудың демократиялық сипатын, білім беру жүйесінің халық алдындағы ашықтығын қамтамасыз етеді.

2019 жылдың 26 маусымында есеп беру кездесуінде № 14 ЖОМ-да бөлім басшысы Самал Оспанқызы Айтқазина «Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2018 - 2019 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы» баяндамасымен ата-аналар қоғамдастығының алдында баяндама жасады. Баяндамада өткен оқу жылы қаланың білім беру жүйесі үшін білім беру жүйесін дамыту стратегиясында инновациялық бағыттарды жүзеге асыру жоспарында, еліміздің де, біздің қаламыздың да - білім беру ұйымдарында цифрландыру, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, көптілділікті дамыту үшін жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны жүйелі нығайту маңызды екені атап өтілді.

Бүгінгі таңда қаланың білім беру жүйесі жалпы контингенті 60 мыңнан астам білім алушылар мен тәрбиеленушілер және бес жарым мың педагогикалық қызметкерлер бар 133 ведомстволық бағынысты мекемелерден тұрады.

Қаланың білім беру жүйесі қызметінің тиімділігін облыстық рейтингтегі жоғары позиция растайды. Көрсеткіштердің қорытынды сомасы 11 пайызға (38,7 балл) қалалар мен аудандар арасында көрсеткіштердің 2 позициядан асады. 34 бағалау көрсеткіштерінің 17-і жоғары, 7 - екінші және 4 - үшінші позициялар қамтамасыз етілді.

Ата-аналар инклюзивті білім беруді дамыту, алты жастан бастап бірінші сыныпқа түсуді жоспарлап отырған балалар, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша колледждерге түсу туралы мәселелерді көтерді.