ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар салауатты өмір үшін
27-06-2019 10:32
Балалар салауатты өмір үшін

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 26 маусымда  «Super ұлдар» жазғы қалалық  жобасының   «Я люблю спорт»  спорттық байқауының   IV туры  өткізілді. Мақсаты - эстетикалық және дене тәрбиесіне баулу, спорт сабағына сүй іспеншілігі, салауатты өмір сүру,сахналық шығармашылығы және өнер көрсету қабілетін   дамыту. Байқауға қаланың   ( № 2, 9, 11, 12, 13, 14, 16, 19, 21, 22, 25, 26, 28, 33, 34, 35, 37, 39, 41, 42, 43, Жетекші ЖОМ) 22 мектеп жанындағы лагерьлерінің 7-10  жастағы 127 ұл  қатысты.

Команда  6  қатысушыдан тұрды. Қатысушылардың жалпы қамтылуы  268 баланы құрады. Байқауда командалар сахнада  футбол, баскетбол, хоккей, бокс, дзюдо, асык ату, шахмат ойындарын сахналады. Қатысушылар спорттық  формаға сәйкес спорттың сүйікті түрін ұсынуға креативтік жолдар таба білді.

Байқау қорытындысы бойынша футболдың  сахналық көрінісін шығарашылық жолмен көрсеткені үшін I орынға № 9 ЖОМ «Тұлпар» командасы ие болды. II орынды  футболдың жаттықтыру технологиясын көрсету кезіндегі дене деректері, костюм сәйкестігі үшін № 43 мектептің  «Ертіс»  командасы мен  аударыспақ қазақ ұлттық ойынын көрсеткен Б. Момышұлы атындағы мектептің «Жорға» командасы бөлісті.  III орынға К. Бекхожин атындығы мектептің «Жігер», № 35 мектептің «Болашақ», № 39 мектептің «Барселон» командалары ие болды. «Творческий подход» номинациясымен № 33 мектеп оқушылары,  «Оригинальность» номинациясымен  Жетекші ЖОМ  командасы марапатталды. Белсенді  қатысқаны үшін № 2, 16, 21, 25 мектеп командалары дипломмен марапатталды.