ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Құмнан су астындағы дүние
28-06-2019 10:01
Құмнан су астындағы дүние

«Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 27 маусымда төменгі жағажайда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  «Летние чудеса» қалалық жазғы жобасының  «Иртышские дюны» 2 туры өткізілді. Мақсаты – шығармашылық  ынтасын  дамыту,  өзін жүзеге асыруға және  өз болмысын көрсету үшін  мүмкіншік туғызу. 

Әртүрлі құмды композициялардан,өзен құмынан су асты дүниелерден фигура құруға қаланың көрнекті жағажайында ( № 1, 6, 7, 9, 13, 14, 16, 17,18, 22, 26, 28, 29, 34, 36, 37, 39, 41, 42, 43 ЖОМ)  мектеп жанындағы лагерьлерден   199 әртүрлі жастағы командадан  249 оқушы қатысты .

Бала  қиялында шек жоқ. Балалардың құмнан жасалған өнерлерінде су астындағы дүние мекендеушілері,өз алыптығымен таңқалдырып, ежелгі мұнара,бекініс,таулы алқаптарға айналды. Қатысушылар өз қиялдарын құмды құрылыстарда ғана іске асырған жоқ,сонымен қатар өздерінің көркемдік ойлары туралы қызықты әңгімелей алды. Қызықты еңбек уақыты елеусіз өте шықты. Жас архитекторлар өздерінің құмды жаратылыстарына сүйсінді және өткізілген шығармашылық күнге өте риза болды. Тур  қорытындысы бойынша I орынға № 43мектеп оқушылары, II орынға - № 1, 34 мектеп, III орынға - № 9, 22, 26 мектептер ие болды. «Креативность», «Оригинальность» номинацияларымен № 16, 41 мектеп  командалары,  № 7, 13, 28, 42 мектеп оқушылары белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.